Пинк сынды өз жұлдызын иелену үшін Трэвис Скотт, тынбай еңбек етіп жүр. Музыкант тыңдармандарына арнап су жаңа бейнебаян ұсынды. Кайли Дженнердің сүйіктісі, тың туындысын «Форсаж» картинасынан кейін шабыттанып шығарған сынды.
«Can't Say» – Трэвистің соңғы жарық көрген «Astroworld» альбомына енген трек. Рэпер кезекті клипіне де аса қауіпті трюктарды түсіруден тайынбапты. Бейнебаянын мотоциклдер жарысына айналдырған ол, тыңдарманның көңілін осылайша жаулап алмақ.